Жарияланды: 5200

"Бес баламнан бас тартып, шетелге кетемін": 33 жастағы келіншек перзенттерінен теріс айналды

"Бес баламнан бас тартып, шетелге кетемін": 33 жастағы келіншек перзенттерінен теріс айналды

Бес баламды балалар үйіне өткізіп, өзім шетелге кетемін. Бұл 33 жастағы Мақпал Ұнайбаеваның басты мақсаты.

Бұл туралы Caravan.kz медиа-порталы Дина Төлепбергеннің инстаграм парақшасына сілтеме жасап хабарлайды.

Келіншек жоқшылық жанын жегідей жегенін айтады.Тұрмысы тұқыртып,тағдырдан тепкі көрген әйел күйеуінен еш көмек көрмедім деп налиды. 

Ал балаларының әкесі бұрынғы әйелінің бұл ісіне бей-жай, ал балаларына немқұрайлы қарайтын сияқты.Тіпті бес баланың туған әжелері де немерелерін қабылдамай отыр. 

"Менің баламның уже бес баласы бар. Енді барып мен біреудің қызын, менің қызым екен деп айта алмаймын. Бара алмаймыз, көрмейміз, араласпаймыз керек емес маған. Менің немерем емес" - деген жауап алған немерелері аналарының шетел асып кеткендігін қаламайды. Алайда анасы ешкімнің сөзін тыңдамай отыр. 

Желідегі оқырмандар: "Қазақстанда да жұмыс бар ғой қалсаңызшы. балаларыңызға сізден артық ешкім ана бола алмайды", "қатыгез екенсіз","Сіздің орныңызда болсам пол жусам да перзенттерімнің алдында болар едім"  деген пікірлер жазуда. 

Пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін