Бес елге жаңа рейстер ашылады: қазақстандықтар қайда ұша алады - kaz.caravan.kz
  • $ 446.49
  • 475.38
+21 °C
Алматы
2024 Жыл
20 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Бес елге жаңа рейстер ашылады: қазақстандықтар қайда ұша алады

Бес елге жаңа рейстер ашылады: қазақстандықтар қайда ұша алады

Қазақстан бес ел – Черногория, БАӘ, Қырғызстан, Өзбекстан және Нидерланды бағыттары бойынша тұрақты халықаралық әуе рейстерін ашады және ұлғайтады, деп хабарлайды индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің баспасөз қызметі.

  • 12 Мамыр 2021
  • 35
Фото - Caravan.kz

Халықаралық әуе рейстерінің санын ұлғайтуға Қазақстан аумағында коронавирустың таралуына жол бермеу жөніндегі ведомствоаралық комиссия рұқсат берген.

Черногория

2021 жылы 15 мамырдан бастап қазақстандықтар аптасына 5 рейспен Алматы – Подгорица – Алматы және аптасына 3 рейспен Нұр-Сұлтан – Подгорица – Нұр-Сұлтан бағыттары бойынша ұша алады.

Біріккен Араб Әмірліктері

2021 жылы 10 мамырдан бастап Алматы – Дубаи – Алматы бағытында тұрақты рейстер санын әр тарап үшін аптасына 5-тен 7 рейске дейін және Нұр-Сұлтан — Дубаи — Нұр-Сұлтан бағытында әр тарап үшін аптасына 3-тен 5 рейске дейін ұлғайтылады.

Қырғызстан

2021 жылы 15 мамырдан бастап аптасына 7 рейспен Алматы – Тамшы – Алматы бағытында жолаушылар рейстері ашылады.

Өзбекстан

2021 жылы 15 мамырдан бастап әр тарап үшін аптасына 2 рейспен Алматы — Самарқанд — Алматы бағытында әуе рейстерін ашу жоспарланып отыр.


Сонымен қатар, 20 мамырдан бастап "Эйр Астана" компаниясының Атырау – Франкфурт – Атырау бағытындағы рейстері кезең-кезеңмен Атырау — Амстердам – Атырау бағытындағы рейстерге ауыстырылады. Басында 1 рейспен, әрі қарай Нидерланд тарапынан шектеулердің алынып тасталуына қарай 2 рейске дейін арттыру көзделеді.

Рейстер санитарлық-эпидемиологиялық талаптарды қатаң сақтай отырып және әуе компанияларының сайтында жарияланған кестеге сай орындалады.

Соңғы жаңалықтар