"Бес келіншек, бір кемпірдің тілін таба алмасаңдар, ертең үш жүзді қалай басқарасыңдар?"- Балғынбек Имаш (ВИДЕО) - kaz.caravan.kz
  • $ 444.22
  • 476.38
+8 °C
Алматы
2024 Жыл
26 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
"Бес келіншек, бір кемпірдің тілін таба алмасаңдар, ертең үш жүзді қалай басқарасыңдар?"- Балғынбек Имаш (ВИДЕО)

"Бес келіншек, бір кемпірдің тілін таба алмасаңдар, ертең үш жүзді қалай басқарасыңдар?"- Балғынбек Имаш (ВИДЕО)

Белгілі айтыс ақыны Жандарбек Бұлғақов әріптесі Балғынбек Имашевтың тапқырлығы туралы «Түнгі студия» бағдарламасында айтып берді.

  • 29 Қараша 2022
  • 736
Фото - Caravan.kz

Бұл туралы Сaravan.kz медиа порталы хабарлайды.

«Балғынбек Имашевпен бір басшылыққа кіруіміз керек болды. Әкімдіктің алдында 4-5 келіншекті бастап бір апамыз кіре алмай тұр екен. Олар бізді бірден таныды. Балғынбек ағамыз: «Апа, армияңызды бастап жай кеп тұрсыз ба? Әкім болмаса шешілмей ме?» деп сұрады.

– Менің үйімде пешім жарылды, — деді әлгі апа.

«Қанша теңгелік зат?»,- деп сұрап еді, «75 мың теңге»- деп жауап берді апамыз.

Екінші кісі: – Мен көпбалалы анамын. Қоғамдық көлікте жол жүру билетімнің мерзімі өтіп кеткен екен, кондуктор менің бетіме лақтырды. Соны әкімге айтамын, — дейді. Жақсы деп, біз әкімдікке кірдік. Әкімнің екі орынбасары бар екен. Екеуі де шетелде білім алып келген кісілер екен.

– Сіздер енді мына кісілерді ашуландырмай, ертерек есік алдына шықпайсыздар ма? Тезірек шешпейсіздер ме, телеарна келеді, шулайды, — дедік.

– Мәә, біз далаға шықсақ, ол кісілер бізді жеп қояды ғой, — деп жауап берді. Сонда Балғынбек ағамыз:

– Сендер мемлекеттің ақшасына шетелден білім алып келіп бес келіншек, бір кемпірдің тілін таба алмасаңдар, ертең үш жүзді қалай басқарасыңдар? — деп айтқаны бар деді ақын.

 

Соңғы жаңалықтар