Бес жылда – 2 млрд түп ағаш: кейбір өңірлер қаржының аздығынан жоспарды орындай алмай отыр - kaz.caravan.kz
  • $ 444.22
  • 476.38
+11 °C
Алматы
2024 Жыл
25 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Бес жылда – 2 млрд түп ағаш: кейбір өңірлер қаржының аздығынан жоспарды орындай алмай отыр

Бес жылда – 2 млрд түп ағаш: кейбір өңірлер қаржының аздығынан жоспарды орындай алмай отыр

Былтыр 66 мың гектар алаңға (138 млн ағаш) ағаш отырғызылды

  • 23 Тамыз 2022
  • 19
Фото - Caravan.kz

 Қазақстанда бес жылда екі млрд ағаш егу бойынша ауқымды жоспар орындалмай қалуы мүмкін, деп хабарлайды Caravan.kz  медиа порталы Sputnik Қазақстан-ға сілтеме жасап. 

Президеттің тапсырмасымен бес жыл ішінде 2 млрд түп ағаш отырғызу туралы ауқымды жоба іске асырылып жатыр.

Премьер-министр Әлихан Смайыловтың айтуынша, былтыр 66 мың гектар алаңға (138 млн ағаш) ағаш отырғызылды.

"Алайда, биыл кейбір өңірлерде жергілікті деңгейде қаржыландыру аз болғандықтан, жоспарлы көрсеткіш орындалмай қалуы мүмкін", — деді Смайылов үкімет отырысында.


Үкімет басшысы Ақтөбе және Батыс Қазақстан облыстарының әкімдіктеріне қаржы министрлігімен бірлесіп, осы жылы ағаш егудің жоспарланған көлемін қаржыландыру мәселесін пысықтауды тапсырды.

Соңғы жаңалықтар