«Тәуелсіздік сарайының артындағы алаңда (…) жалпы аумағы 335 гектар жер игеріледі, 42 құрылыс компаниясы 42 нақтыланды. Қазірдің өзінде 6 учаскеде құрылыс жүріп жатыр, 36 учаске жобалау сатысында. 2020 жылға дейін бұл жерде 25 тұрғын үй кешені пайдалануға берілмек», — деді ол жұма күні ОКҚ өткен брифингте.
Сонымен қатар, Орынбор көшесі бойындағы құрылыс жұмыстары да жалғасын табады, деді ол.
Әкімнің айтуынша, келешекте бұл жерде елорданың әдемі аудандарының бірі орналаспақ.
«182 гектар жерге құрылыс салынады, 42 құрыоыс компаниясы анықталды. Қазірдің өзінде 10 учаскеде үйлер салынуда, 30 учаскені жобалау жүріп жатыр. 2017 жылға дейін 28 тұрғын үй кешенін пайдалануға беру көзделген», — деді И.Тасмағамбетов.
Сондай-ақ, Тұран даңғылы төңірегінде де құрылыс жалғасады. Бұл маңдағы 145 гектар алқапты 24 құрылыс компаниясы игеруге әзір отыр, деді ол.