«Беш» бейнебаянының продюсері халықтан кешірім сұрады - kaz.caravan.kz
  • $ 486.47
  • 554.77
+33 °C
Алматы
2026 Жыл
27 Маусым
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
«Беш» бейнебаянының продюсері халықтан кешірім сұрады

«Беш» бейнебаянының продюсері халықтан кешірім сұрады

Қазнетте үлкен дауға ұласқан "Беш" атты бейнебаян туралы аталған бейнебаянның продюсері, шоумен Александр Шумский пікір білдірді, деп хабарлайды massaget.kz.

  • 4 Шiлде 2014
  • 537
Фото - Caravan.kz

Ал бейнебаянның өзі Youtube видеоресурсынан алынып тасталды. 

Естеріңізге сала кетсек, халық әртісі Роза Рымбаева, Нұрлан Абдуллин, Big Som, Гурген Басенцян, Әли Оқапов, Александр Шумский, Давид Орбелиани, Ольга Кузнецова, Ерлан Мейірбеков сияқты әнші-орындаушылар түскен бейнеклип төңірегінде әлеуметтік желілер мен бірқатар басылымдарда ұлттық тағамымызды мазақ қылды делінген көзқарас пікірлер көбейген еді.

Халықтың наразылығына Роза Қуанышқызы: «Мұнда тұрған еш өрескелдік жоқ. Керісінше, режиссерлер ұлттық тағамды насихаттайтын клипке түсуге шақырған соң келістім» десе, Нұрлан Абдуллин: «Бәрі насихат қой, ұлттық тағамды насихаттау керек. Қай түрін насихаттайсың — ол өз еркің, бұл жастарға өте керек зат» деген пікір айтқан болатын.