Жарияланды: 9200

"Бешбармаққа” екіқабатпын деп омырауын айқара ашқан Айқынның екінші әйелі жұрттың ашуына тиді

"Бешбармаққа” екіқабатпын деп омырауын айқара ашқан Айқынның екінші әйелі жұрттың ашуына тиді

Айқынмен көңіл қосып, халық арасында теріс пікір қалыптастырған Жұлдыз Өмірғали тағы да жұрттың көңілін қалдырды. КешYou-дің экс-әншісі ашық көйлекпен түскен суретін жариялап, желіде қызу талқыға түсті.

“Аздап “бешбармаққа” екіқабат кезде. Сіздерде де мұндай бола ма?” – деп жазған Жұлдыз кезекті рет сынға ұшырады.

Желі қолданушылары ұлы бар келінге мұндай қылықтың жараспайтынын айтып, Өмірғалиді жерден алып, жерге салды.

“Көрген адам көргендігін көрсетеді, ал көргенсіз көргенсіздігін көрсетеді. Жұлдыз мұндай әрекеттеріңмен негізі шыққан жеріңді, ортаңды білдіресің. Ақылы бар адам олай жасамайды”, – деп сынға алды Динара Қожамұратова есімді желі қолданушысы.

“Құдайға шүкір, біреудің күйеуінен де, бешбармақтан да екіқабат емеспіз”, – деп келеке етті Баян есімді оқырман.

Алайда Айқынның келіншегі жұрттың теріс пікіріне мән бермеуді үйренген.

Пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін