«Бешбармақ-шоу» жобасының үшінші маусымы басталды - kaz.caravan.kz
  • $ 468.88
  • 534.1
+32 °C
Алматы
2026 Жыл
15 Шiлде
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
«Бешбармақ-шоу» жобасының үшінші маусымы басталды

«Бешбармақ-шоу» жобасының үшінші маусымы басталды

Ұлттық асты ұлықтайтын «Бешбармақ-шоу» жобасының үшінші маусымы басталды. Жаңа сипатқа ие бұл жоба қызықтарға толы болмақ. КТК арнасы отандастарымызды асты дайындаудағы шеберлігін көрсетіп, аспаздық сырын бөлісуге шақырады.

  • 15 Қазан 2013
  • 570
Фото - Caravan.kz

Жаңа маусымда бағдарламаның жүргізушісі ауысты. Бұл жолы «Бешбармақ-шоудың» тізгінін күміс көмей әнші Жанар Айжанова ұстайды. Айта кетсек, қазақтың дәстүрін насихаттап, ұлттық асты ұлықтайтын жобаның алдыңғы екі маусымында жеңімпаздар үйлеріне көлік мініп қайтқан болатын. Осы жолы дәмі тіл үйіретін ет тартып, оқ бойы озық шыққан аспазды бағалы сыйлықтар күтіп тұр. Өнерін ортаға салам деушілер жобаға қатысу тәртібін арнамыздың сайтынан таба алады. Үміткерлерді іріктеу 20-шы қазандааяқталады. Ал, 9-шы қарашадан бастап, әр сенбі сайын арнамыздан «Бешбармақ-шоуды» жіберіп алмаңыз!


Жанар Айжанова, «Бешбармақ-шоу» жобасының жүргізушісі:

– Сонымен құрметті көрермендер, «Бешбармақ-шоу» жобасының үшінші айналымы басталды. Сыртта қалып қоймаңыздар, қатысыңыздар. Біздің ұлттық брендіміз – бешбармақты насихаттауға барлығыңыз атсалысыңыздар.