"Бесінші және алтыншы әйелдері есін шығарған": Нұр-Сұлтандағы қанды оқиғаның мән-жайы - kaz.caravan.kz
  • $ 446.49
  • 475.38
+15 °C
Алматы
2024 Жыл
19 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
"Бесінші және алтыншы әйелдері есін шығарған": Нұр-Сұлтандағы қанды оқиғаның мән-жайы

"Бесінші және алтыншы әйелдері есін шығарған": Нұр-Сұлтандағы қанды оқиғаның мән-жайы

Әйелін атып өлтірді. Елордада әйелімен жанжалдасқан азаматтың ашуы осындай қылмысқа итермеледі.Көршісі сұмдық оқиғаны өз көзімен көрген. 

  • 22 Қазан 2019
  • 92
Фото - Caravan.kz

Белгілісі, атып өлтіргені бесінші әйелі екен. Келіншек сол жерде жан тапсырған. Ал үйде алтыншы әйелінен туған 5 жасар баласы болыпты. Қаңғыған оқ оны да жанап өтіпті. Бала қазір ауруханада жатыр, деп хабарлады КТК.телеарнасы. 

Тоғыз қабатты үйдегі 22-пәтердің есіктеріне криминалдық полицияның мөрі басылып, қағаз жапсырылған. Осында тұратын үлкендердің бірі Галина Латыпов бұл отбасын жақсы таниды. Алғаш барып жағдайды өз көзімен көрген де осы кісі.

"Ішке кірсем, оң жақта баласы Ілияс отыр. Арғы жағында әйелі жатыр. Ал ол қолында мылтық ұстап тұр екен. Мылтығын қолынан алдым да лақтырып жібердім. Сосын дереу баласы Ілиясты сыртқа алып шығып отырғыздым", — дейді оқиға куәгер Галина Латыпова.

Куәгердің айтуынша, әйел етпеттеп құлаған күйі жатқан. Полиция мен жедел жәрдемді шақырған да осы кісілер.

"Ол кісіні жаман деп айтпаймын. Жақсы кісі, Сәкен аға. Ірі денелі, толық келген. Сәлемі түзу, кіріп-шығып жүретін".

Үйдің тұрғындары көршісі Сәкенді арагідік ішетіні болмаса, ақыл-есі түзу, мінезі салмақты адам ретінде таниды екен. Алайда осы қанды оқиғаға көршілері арақтан бұрын, басқа себепті болжап отыр. Себебі 59 жастағы кісі осымен алтыншы рет әйел алған екен. Үш бөлмелі пәтерінде соның бесіншісімен тұрып жатыпты. Әйелінен бөлек бесінші және алтыншы әйелдерінен тапқан екі ұлы болған. Оқтан жараланған бала сол алтыншысынан тапқан 5 жасар бала. Көршілері бұл кісіні қару қолдануға жеткізген – сол екі әйелі дейді.


"Қасына барғанымда олар менің түбіме жетті деумен болды. Сол бесінші және алтыншы әйелдері оның екі жақтап есін шығарған. Солардан шаршаған кезде ішіп кетеді", — деп түсіндірді Галина Латыпова.

Ер адам қазір тергеуге алынған. Ал баласына ота жасалып, қазір анасымен бірге ауруханада жатыр. Өміріне еш қауіп жоқ.

Күдіктіге қатысты қылмыстық іс қозғалды. Ол 15-тен 20 жылға дейін бас бостандығынан айрылуы мүмкін.

 

Соңғы жаңалықтар