Жарияланды: 880

«Беті ауыз қанап, формасы жыртылған»: Желіде оңбай таяқ жеген полицейдің видеосы қызу талқылануда

«Беті ауыз қанап, формасы жыртылған»: Желіде оңбай таяқ жеген полицейдің видеосы қызу талқылануда

Оқиға Түркістан облысына қарасты Шорнақ ауылында болған сыңайлы.

Ғаламтор бетінде әлдекімдерден таяқ жеп, жарақат алған полицей туралы видео болды. Бейнеден формасы жартылып, бет-ауызы қан болған тәртіп сақшысын адамдардың қоршап алып, әлденені қызу талқылап жатқанын байқауға болады, деп хабарлайды Caravan.kz порталы Skifnews.kz ақпарат порталы.

Кешікпей бұл бейнежазбаны белгілі заңгер Айгүл Орынбек өзіңің facebook бетіндегі жеке парақшасында бөлісіп, шағын пост жариялады. Бірақ онда да ашық ештеңе айтылмаған.

«Түркістан облысы, Шорнақ ауылында болған деп отыр! Видео «Той думан» парақшасынан алынды. Түркістан полиция департаменті шұғыл ақпарат берулеріңізді сұраймын! Полиция қызметкерлеріне қол көтеру, онымен қоса қаншама арыз жазылса да, азаматтардың шағымы ның қаралмауы, үйде жатқан адамдарды келіп ұруы - бұл енді шектен шығу! Заң жүрмей, жемқорлық жайлаған өңірде қылмыскерлер осылай тайраңдайды!», - деп жазған Айгүл Орынбек.

 

Пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін