Бибігүл Дәулетбекқызы: “Ақтаулық еркектер, мыналарың не?! Өлдіңдер ме?!” - kaz.caravan.kz
  • $ 470.8
  • 545.99
+17 °C
Алматы
2026 Жыл
23 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Бибігүл Дәулетбекқызы: “Ақтаулық еркектер, мыналарың не?! Өлдіңдер ме?!”

Бибігүл Дәулетбекқызы: “Ақтаулық еркектер, мыналарың не?! Өлдіңдер ме?!”

Журналист, тележүргізуші Бибігүл Дәулетбекқызы инстаграм желісіне ақтаулық жігіттерге арнап жазба жариялады. Ол бұл жолы өз полициямызды кеудеден итеріп жіберген жігіттерді үшін сынға алды.

Бұл туралы Caravan.kz порталы хабарлайды.

  • 18 Шiлде 2022
  • 5945
Фото - Caravan.kz

"Ақтаулық еркектер, мыналарың не?!

Өлдіңдер ме?!
Аталарың көрден тіріліп шыққанда да дәл осылай шыңғырмайтын шығарсыңдар?!
Төтендеріңнің шалбары жыртылғанша шыңғырғандарыңа жол болсын

Позор!!!

Басқаларынан күтсем де, сендерден күтпеппін Ақтаулық жігіттер!

PS: (мынабір охранниксымақты) полицияны итеріп жіберген еркекті заң алдында жауапқа тартуларыңызды талап етемін!

Үлкен кісіні адам құрлы көрмеген Хабибтың охранниксымағы, не басыңа күн туды осыншама өз қазағыңды кеудеден итеретіндей?! Құдды пайғамбардай қорғадың ғой тегі оны!
Кімнен қорғап жүрсіңдер?!
Өз қазақтарыңнан ба?!

Даже бұл кісі полицей болмаса да, мынабіреудің ісі менің намысыма тиюде.

Асылы біздің қазақ жігіттерінен намыс деген кетіп бара ма деймін. Былтыр емес пе еді осы Хабибтың алдында құрдай жорғалап Алматыдан аяғын тигізбей күтіп алғаны. Сол кезде де осылай күйініп едім.


Головкинді күтсе түсінемін…
Көк туымызды әлемге танытып жүрген.

Ех…
Күйдіресіңдер ғой сендер, күйдіресіңдер!

Өз ағасын аяламаған, кісі ағасын алалай алмайды",- деп пікір жазды.

https://www.facebook.com/bibigul.dauletbek/videos/715832712849967

Желі оқырмандары: "Ерлеріміз ұсақталып барады","Неге өйтті екен","Бибігүл тек ащы шындықты айтады","Жарайсыз","Эхх, жігіттер", — деп пікір жазды.