Бибігүл Жексенбай «Астана» телеарнасының бас директоры болып тағайындалды - kaz.caravan.kz
  • $ 446.49
  • 475.38
+10 °C
Алматы
2024 Жыл
19 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Бибігүл Жексенбай «Астана» телеарнасының бас директоры болып тағайындалды

Бибігүл Жексенбай «Астана» телеарнасының бас директоры болып тағайындалды

Белгілі тележурналист Бибігүл Жексенбай «Астана» телеарнасының бас директоры болып тағайындалды. Бұл туралы Нұр Отан партиясы төрағасының бірінші орынбасары Мәулен Әшімбаев фейзбуктағы жеке парақшасында хабарлаған.

  • 18 Сәуiр 2019
  • 51
Фото - Caravan.kz


«Белгілі тележурналист, білікті маман Бибігүл Жексенбай «Астана» телеарнасының бас директоры болып тағайындалды. Бүгін телеарнаға арнайы барып, ұжымға жаңа басшыны таныстырдым.

Бибігүл Жексенбай отандық ақпарат айдынында аты қалыптасқан кәсіби журналист. Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университетінің журналистика факультетін бітірген. Сондай-ақ бизнес-басқару магистрі. Еңбек жолын қатардағы корреспонденттен бастап, еліміздегі ірі бұқаралық ақпарат құралдарының топ-менеджеріне дейін көтерілді. Атап айтқанда, «Хабар» агенттігінде, «Qazaqstan» ұлттық телеарнасында және «Жетінші арнада» жауапты қызметтер атқарып, өзіне жүктелген міндеттерді мүлтіксіз орындай білді»,-деп жазды ол.

Соңғы жаңалықтар