«Билет ақшасын неге бермейсіздер»: Роза Әлқожа басы дауға қалған Fly Aristan әуе компаниясының былығын әшкереледі - kaz.caravan.kz
  • $ 443.72
  • 482.28
+19 °C
Алматы
2024 Жыл
21 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
«Билет ақшасын неге бермейсіздер»: Роза Әлқожа басы дауға қалған Fly Aristan әуе компаниясының былығын әшкереледі

«Билет ақшасын неге бермейсіздер»: Роза Әлқожа басы дауға қалған Fly Aristan әуе компаниясының былығын әшкереледі

Танымал әнші Роза Әлқожа Астана әуежайында шу шыққан Fly Aristan әуе колмпаниясына шүйлікті.

  • 27 Ақпан 2023
  • 28
Фото - Caravan.kz

Айтуынша, рейс кешіктіріліп, компания қызметкерлері әншіге тегін су беруге жарымаған, деп хабарлайды Сaravan.kz тілшісі.

Өнер иесі желідгеі парақшасында оқиғаның бұлай өрбитінін білмегенін, керісінше елордадан Шымкентке ертерек жетуін қалағанын айтқан.

«Той түсте болған соң Шымкентке ертерек барып қонайын дегенмін. Ұйқым өзіме белгілі ғой. Fly Aristan ның ұшағы кешігіп ұшты. Онысымен қоймай, қона алмай кері қайтып келді. Қыздары су бермегені ше қысылғанда?!Тегін бере алмайды екен ғой қазір ойласам!

Мазам болмай кетті де, багажымды алып, сыртқа шығайын десем, қызметкерлері рейстен алып тастаймыз деді. Жақсы дедім. Давлением 140 екен барып медбикеге өлшетсем!!! Дәрі ішіп, “анық ұшатын болдыңыздар ма?” деп сұрап жатсам, “сіз енді ұша алмайсыз, алып тастадық деп тұр екіленіп! Кімге ерегісіп тұрғанын! Билеттің бағасы қайтарылмайды екен еще!.. @flyarystan дұрыс жөнделмеген ұшақпен тәуекел жасаған сіздер қандай компаниясыздар??? Неге бізден кейін 6минутта басқа ұшақ қонады Шымкентке???

Билет ақшасын неге бермейсіздер, бұл біздің кінәміз емес қой!!! Сағат 11:13. Одан кейін сатып алған Эйр астана да ұшпады. Скат ұшып кетті, бірақ! Он екі сағат әуежайда жүру дегенді айта алмайм енді…», — деп жазды әнші.

Айта кетейік, аталған оқиғаға қатысты әуе компаниясы өкілдері пікір білдірген еді. Олар әуе рейсі ауа райының қолайсыздығына байланысты кешіктірілгенін, ал кейін мүлдем ұшпайтынын жеткізген болатын.

 
Соңғы жаңалықтар