"Билік бізді орыспен қорқытып отыр" : жазушы Дәурен Қуат өткір пікір айтты - kaz.caravan.kz
  • $ 441.8
  • 480.02
+15 °C
Алматы
2024 Жыл
21 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
"Билік бізді орыспен қорқытып отыр" :  жазушы Дәурен Қуат өткір пікір айтты

"Билік бізді орыспен қорқытып отыр" : жазушы Дәурен Қуат өткір пікір айтты

Саясаткерлерімізден бастап бәріміз жұрттың үрейін ұшыра бермей, ұлттың рухын оятатын іске ұмтылсақ қайтеді осы, деді ол.

  • 10 Қаңтар 2023
  • 1303
Фото - Caravan.kz

«Қазақ әдебиеті» газетінің бас редакторы, жазушы  Дәурен Қуат  ел билігнің ұстанған  саясатына қатысты пікір білдірді, деп хабарлайды Caravan.kz медиа порталы. 

Жазушының пайымдауынша, сыртқы саяси күштердің қазаққа деген үрейлі ықпалы — жел сөз . 

"Билік бізді орыспен қорқытатын. Әлі де қорқытып, қосүрейлі қылып отыр. Орыс бізді қытаймен қорқытып келеді.

Орыстың қазақты қорқытатын "бүжәйі" бір қытай емес. Ауғанстан. Талибан билігі. Қала берді — АҚШ пен Батыс. Қазақстан батыстанып кетсе, құриды-мыс, елдік нышанынан тұтас ада болады, т.т.

Қытай бізді қара нөпір халқымен, ықтимал экспанциясымен үрейлендіруде.


… Жалпы мұның бәрін жоққа шығаруға әсте болмайды. Бірақ бәрінен қорқа берсең — құтың қашады. Ең дұрысы — фобиясыз ел болу. Саясаткерлеріміз бастап бәріміз жұрттың үрейін ұшыра бермей, ұлттың рухын оятатын іске ұмтылсақ қайтеді осы?"- деді жазушы желіде. 

Соңғы жаңалықтар