"Билік тарапынан қысым болып, эфирге шығартпады": Қайрат Түнтеков өнерден алыстауының себебін ашып айтты - kaz.caravan.kz
  • $ 478.58
  • 520.84
+17 °C
Алматы
2024 Жыл
21 Шiлде
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
"Билік тарапынан қысым болып, эфирге шығартпады": Қайрат Түнтеков өнерден алыстауының себебін ашып айтты

"Билік тарапынан қысым болып, эфирге шығартпады": Қайрат Түнтеков өнерден алыстауының себебін ашып айтты

Әнші Қайрат Түнтеков үлкен сахнадан көрінбей кетуіне сол кездегі биліктегі азаматтардың әсер еткенін мәлімдеді.

  • 11 Шiлде
  • 40
Фото - Caravan.kz

Бұл туралы ол Qazaq Airan You Tube арнасына берген сұхбатында айтты, деп хабарлайды Caravan.kz медиа порталы.

«Сол кезде биліктегі адамдардың арасынан менің жолымды бөгеп, эфирге шығартпаған адамдар болды. Олардың аты-жөндерін өзім де білмеймін. Бірақ, болды. Ақпараттық қысым көрсетті. Әйтпесе, мені қудалап, мынаны үйтесің, бүйтесің деген жағдайлар болған жоқ. Сол ақпараттық қысымның өзі маған ауыр тиді. Менің жол апатына ұшырағанымды сұмдық нәрсе болғандай бүкіл телеарналардан көрсетті ғой. Мүмкін біреулерді қосқан болар. Арасында депутат ағаларымыз да сөйледі. Мүмкін, оларға да сол керек болған шығар», — дейді өнер иесі.

Әнші жас кезінде жол көрсететін жақын жандардың болмағанын да жасырмады.

«Өнер жолында әділетсіздіктерге көп тап болдым. Жас болып, дүркіреп тұрған кезімде қасымда қарайлап жүретін, демеу болатын ешкім болмады. Сол кезде тіпті өзімнің қаншалықты жоғары деңгейде жүргенімді байқамағанмын. Біреулер тойға шақырып, келіскен ақшаның жартысын бермей қойған жағдайлар да болды. Менің жастығымды пайдаланды деуге болады», — дейді ол.