Билікті басып алуға оқталу күдігімен қырғыз елінің депутаты тұтқындалды - kaz.caravan.kz
  • $ 444.22
  • 476.38
+8 °C
Алматы
2024 Жыл
26 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Билікті басып алуға оқталу күдігімен қырғыз елінің депутаты тұтқындалды

Билікті басып алуға оқталу күдігімен қырғыз елінің депутаты тұтқындалды

Қырғызстан Республикасының Бас прокуратурасы ҚР Жогорку Кенешінің депутатына қатысты қылмыстық іс қозғады.

  • 1 Қазан 2017
  • 214
Фото - Caravan.kz

Қанатбек Исаевке Қылмыстық кодекстің бірден үш бабы бойынша айыптар тағылуда: «қылмысқа дайындалу», «жаппай тәртіпсіздік» және билікті күштеп басып алу немесе билікті зорлық-зомбылықпен ұстап отыру».

Бұл туралы kabar.kg сайты Бас прокуратураға сілтеме жасап хабарлады.

Қылмыстық іс материалына сәйкес, Исаев ұйымдасқан қылмыстық топтардың кейбір мүшелерімен сөз байласқан, сайлау кезінде жаппай тәртіпсіздіктерді ұйымдастыруға белсенді әрекеттер жасаған және өзі жақтас болып табылатын кандидат сайлаудан өтпей қалған жағдайда билікті күштеп басып алуды іске асырмақ болған.

Құқыққорғау органдарының мәліметіне сәйкес, ұсталған тұлғалар ақшалай сыйақы беріп, соңы жаппай тәртіпсіздіктер мен қаруланған қақтығыстарға ұласатын жоспарланған акцияларға қатысу үшін өз қатарларына адамдарды тартып отырған.

Қылмыстық іс Қырғызстан Республикасы Мемлекеттік Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Бас тергеу басқармасына жолданды. 2017 жылдың 30 қыркүйегі күні Жогорку Кенештің депутаты мен өзге тұлғаларға қатысты ҚР Бас прокуратурасы қозғаған қылмыстық іс аясында депутат Қанатбек Исаев пен ұйымдасқан қылмыстық топтардың жекелеген мүшелері тұтқындалды. Қазіргі уақытта тергеу жұмыстары жүруде.


 

Соңғы жаңалықтар