Білім беру саласын дамытудың 2015-жылға дейінгі тұжырымдамасын жүзеге асыру үшін Мемлекеттік білім беру бағдарламасының жаңа жобасын жасау қажет - kaz.caravan.kz
  • $ 444.22
  • 476.38
+9 °C
Алматы
2024 Жыл
26 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Білім беру саласын дамытудың 2015-жылға дейінгі тұжырымдамасын жүзеге асыру үшін Мемлекеттік білім беру бағдарламасының жаңа жобасын жасау қажет

Білім беру саласын дамытудың 2015-жылға дейінгі тұжырымдамасын жүзеге асыру үшін Мемлекеттік білім беру бағдарламасының жаңа жобасын жасау қажет

Білім беру саласын дамытудың 2015-жылға дейінгі тұжырымдамасын жүзеге асыру үшін отандық және шетелдік маңдай алды сарапшыларды тарта отырып, Мемлекеттік білім беру бағдарламасының жаңа жобасын жасау қажет. Бұл туралы бүгін, 15-сәуірде Астанада ҚР білім және ғылым министрлігінің алқа мәжілісінде министрдің бірінші орынбасары Геннадий Гамарник мәлімдеді.

  • 15 Сәуiр 2004
  • 1810
Фото - Caravan.kz

Оның айтуынша, мемлекет басшысының жолдауынан туындайтын білім беру саласындағы міндеттерді жүзеге асыру үшін ҚР білім және ғылым министрлігі жолдауды жүзеге асыру шараларының жоспарын жасады. Жоспар білім және ғылым министрлігінің сайтында жан-жақты талқылауға ұсынылып отыр.

«Білім беру саласында алдағы 2-3 жылда шешімін табуды талап ететін міндеттер алға қойылған»,- деді вице-министр. Мәселен, 12 жылдық білім беру жүйесіне сатылы түрде көшу бағдарламасын жасап жүзеге асыруға кірісу қажет. Сондай-ақ, Г.Гамарниктің айтуынша, «Мектепке дейінгі білім беру туралы» заң жобасын жасау мақсаты қойылып отыр.
«Сондай-ақ, 2005-2006 оқу жылында ұстаздар дайындауға мемлекеттік тапсырыс көлемін 5 мың адамға арттыру, коллеждерде инженерлік-педагогикалық мамандар дайындауға арналған мемлекеттік тапсырыс көлемін біршама өсіру көзделген».
Сондай-ақ, биыл 70 жаңа мектеп ғимаратын салып, 500 мектепке күрделі жөндеу жасау межеленген. Алдағы үш жылда қосымша 1900 мектеп салып жөндеу керек, деді министрдің бірінші орынбасары.
Жекелеген пәндерге арналған кабинеттерді жабдықтау қажеттігіне байланысты мектептердің материалдық-техникалық базасын нығайтуға бағытталған аймақтық бағдарламалар қабылданады. Бұған қоса мектептердің 75 проценттен астамын интернетке қосуды 2005-жылы жүзеге асыру қажет. Аталмыш мақсатты жүзеге асыру үшін жергілікті органдар мектептерді телефонмен қамтамасыз етуі тиіс.
Сондай-ақ, мүмкіндігі шектеулі кемтар балаларға арналған мектеп-интернаттар желісін ұлғайтып, жергілікті атқару мекемелерімен бірлесе отырып олардың материалдық-техникалық базасын нығайтуға шаралар қолдану көзделген.
Г.Гамарниктің хабарлауынша, «Білім беру сапасын бағалау жөніндегі ұлттық орталық » құру жоспарланған. Біртұтас ұлттық тестілеу және студенттер білімін аралық аттестациялау шараларының нормативтік-құқықтық базасы биылғы оқу жылының аяғына дейін қалыптастырылады. Соның нәтижесінде мектеп түлектерін біртұтас ұлттық тестілеу шарасы биылғы жылдың маусым айында алғаш рет жүзеге асырылмақ.

Соңғы жаңалықтар