Білім министрі 15 мамыр ата-аналарды жұмыстан ерте босатуды сұрады - kaz.caravan.kz
  • $ 443.85
  • 474.3
+17 °C
Алматы
2024 Жыл
25 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Білім министрі 15 мамыр ата-аналарды жұмыстан ерте босатуды сұрады

Білім министрі 15 мамыр ата-аналарды жұмыстан ерте босатуды сұрады

15 мамырда республикада ата-аналардың жалпыұлттық жиналысы өтеді

  • 13 Мамыр 2019
  • 40
Фото - Caravan.kz

Білім және ғылым министрі Күләш Шәмшідинова жұмыс берушілерден қызметкерлерін 15 мамыр жұмыстан ерте босатуды сұрады, деп хабарлайды министрліктің баспасөз қызметі.

15 мамыр – Халықаралық отбасы күні. Осыған орай республикада ата-аналардың жалпыұлттық жиналысы өтеді.

"Құрметті ата-аналар, Білім және ғылым министрлігі сіздерді аталмыш іс-шараға қатысуға шақырады. Білім және ғылым министрі Күләш Шәмшідинова ата-аналар балалары оқитын мектепке үлгеру үшін жұмыс берушілерден қызметкерлерді жұмыстан ерте босатуды сұрайды", — деп жазылған хабарламада.

Жалпыұлттық жиналыс күні ата-аналар мектепке келіп, оқу орнының басшылары, сынып жетекшілері және мұғалімдерімен кездесіп, мазалап жүрген сауалдарына жауап алу мүмкіндігіне ие болады.


Айта кетсек, 15 мамырда осымен үшінші жыл жалпыұлттық ата-аналар жиналысы өтеді. Алғашқы жылы жалпыұлттық жиналысқа ата-аналардың 80 пайызы қатысқан.

Соңғы жаңалықтар