«Дағдарысты кезең артта қалып, мейлі мемлекеттік, мейлі тіпті жеке меншік болмасын, университеттер түгелдей дерлік ауыр ахуалдан құтылды. Экономикалық жағдай оңала бастады»,- деді министр. Дегенмен, Ж.Күлекеевтің айтуынша, «мемлекеттік меншікті жымқыру деректері тыйылмай отыр». «Түрлі ахуалды бас пайдасына жаратушы кейбір басшылар мемлекеттің иелігіндегі меншіктердің кейбір бөлігін, немесе жекелеген ғимараттарды иемденіп алмақшы. Мұндай жағдайға мен жол бере алмаймын»,- деді ол.
Ж.Күлекеевтің айтуынша, министрлікке келіп түскен «түрлі кез-келген дабылға мән беріледі». «Егер ондағы деректер дәлелденіп жатса, маған өкпелемеңіздер, өз басым ең қатаң жаза қолданатын боламын»,- деп мәлімдеді министр.