Білім министрі қазақстандық ЖОО биылғы жылы оқу құнын көтермейді деп сендірді - kaz.caravan.kz
  • $ 486.19
  • 554.26
+22 °C
Алматы
2026 Жыл
24 Маусым
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Білім министрі қазақстандық ЖОО биылғы жылы оқу құнын көтермейді деп сендірді

Білім министрі қазақстандық ЖОО биылғы жылы оқу құнын көтермейді деп сендірді

Биылғы жылы қазақстандық жоғарғы оқу орындарында оқу құны қымбаттамайды.

  • 25 Тамыз 2014
  • 778
Фото - Caravan.kz

Білім және ғылым министрі Аслан Сәренжіпов осындай уәде берді.

«ЖОО оқу ақысы қымбаттамайды. (…) Ол мемлекеттік грант бағасына телінген, мемлекеттік грант өзгермейді (…). Біздің нақты ұстанымымыз осындай», — деді ол дүйсенбідегі баспасөз мәслихатында.

«Оқу ақысы білімнің қолжетімділігіне әсер етеді. Біздің алдымызда білім алу жастар үшін қолжетімді болуы тиіс деген міндет бар. Соған байланысты жоғарғы оқу орындары бағаны көтермейді. Биылғы жылы көтермейтіні анық», — деп сендірді министр.