Білім министрі шу шығарған тест сауалына жауап бере алған жоқ - kaz.caravan.kz
  • $ 485.82
  • 554.03
+21 °C
Алматы
2026 Жыл
29 Маусым
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Білім министрі шу шығарған тест сауалына жауап бере алған жоқ

Білім министрі шу шығарған тест сауалына жауап бере алған жоқ

ҰБТ сұрақтарына түлектер түгілі Білім министрінің өзі жауап бере алмады. Аслан Сәрінжіпов Алматыда сыра зауытының қашан ашылғанын білмей журналистердің алдында әбден састы. Ата-аналардың айтуынша, дәл осы сұрақ тестте кездескен. Сондай-ақ, екі күннің ішінде 10 мыңнан астам түлек те сыннан сүрініп жоғарғы оқу орнына түсем деген арманынан біржола қол үзді. Олар ең төменгі 50 баллды да жинай алмаған.

  • 5 Маусым 2014
  • 689
Фото - Caravan.kz

Астанада ҰБТ осымен үшінші күн өтуде. Нөсерлі жауынға қарамастан бүгін де есік алдында ығы-жығы адам. Ата-аналар емтихан тапсыруға кірген балаларын кірпік қақпай күзетіп тұр. Бір кезде мониторға үңілгендер «ұялы байланысты тұншықтыратын құрал аудиторияларға алалап қойылған» деп шу шығарды. Сөйтіп неге екені белгісіз жауапты шенеуніктерден емес, тілшілерден араша сұрады.

КТК арнасынан көмек сұраймыз. Неге тек 2-ші аудиторяиға ғана байланысты ажырататын құрылғы қойылған?

Астандағы ата-аналар қауіпсіздікке көңілі толмай айқайға басса, атыраулықтар тесттегі тарих пәнінен кездескен сұрақтарды көріп, жағасын ұстап отыр.  

Марат Жүнісқалиев, талапкердің әкесі:

-Тестілеуге әзірленгенде қызыммен бірге оқып отырғанда қараймын ғой. Алматының сыра зауыты қай жылы ашылды деген сұрақ жүр. Екінші, Махамбеттің руы кім дейді. Балаларды рушылдыққа үйретпейміз дегеніміз қайда?

Алматыда сыра зауытының қашан ашылғанын түлектер түгілі Білім министрінің өзі білмейтін болып шықты. Аслан Сәрінжіпов тесттегі сұраққа жауап бере алмай журналистердің алдында біраз қызарды.

-Сіз өзіңіз білесіз бе, Алматыдағы сыра зауытының қашан ашылғанын?


-Бір күннің ішінде сол   сұрақ бойынша аппеляцияға берсін.

-Жоқ, сіз сұрақтарға нақты  жауап бермей тұрсыз, министр мырза!

Есесіне министр келесі жылы сынаққа түбегейлі өзгеріс енгіземін деп құлшынып отыр. 

Аслан Сәрінжіпов, ҚР Білім және ғылым министрі:

-Биыл жаңа стандарт әзірлеп жатырмыз. Онда баланың қабілетіне басымдылық беріледі. Егер құжатты осы жылдың соңына дейін енгізсек, білімді бағалаудың жүйесі де өзгереді.

Жалпы, екі күннің ішінде ҰБТ-да 10 мыңнан астам мектеп бітіруші сүрініпті. Бұл түлектер ең төменгі 50 баллды да жинай алдмаған. Енді олар жоғарғы оқу орнының есігі мүлдем жабық. Ал осы аралықта оқушылардан  2 307 ұялы телефон, 2 641 шпаргалка, 83 калькулятор, 13 фотоаппарат, 4 рация 1 сканер мен 1 кеңсе пышағы табылған.

-Еліміздің бас ұстазының ғана сынаққа көңілі тоқ секілді.  Ал бүгін еліміз бойынша 25 мыңнан астам түлек тест тасырды. Осы аралықта  екі түлек қана  ең жоғарғы  — 125 балл жинады. ҰБТ-ның  әлі 4 күнге жалғасатынын ескерсек, оның  да жанжалсыз өтпейтін түрі бар.