"Үлгерім деңгейі төмен оқушыларға басымдық бере отырып, білімді қалпына келтіру жөніндегі шараларды іске асыру жалғастырылады. Біз пандемиядан туындаған оқытудың кемшіліктерін түзейтін арнайы бағдарламаны іске асыру бойынша жұмысты жалғастырамыз", — деді Білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов Үкімет отырысында.
Отырыста жарияланған тұсаукесерге сәйкес, дер кезінде ала алмаған білімді орнатуға мыналар көмектеседі:
— үлгерімі нашар оқушыларға назар аудару – жеке оқыту, шағын топтармен жұмыс істеу;
— оқу материалын қысу — оқу бағдарламасының икемділігі, негізгі тақырыптар мен пәндерге баса назар аудару;
— оқу уақытын ұлғайту – каникулдық мектептерді ұйымдастыру, сондай-ақ демалыс күндерінің мектебі;
— қашықтықтан оқытуды дамыту-қашықтықтан оқыту қағидаларын және мектептерге қойылатын талаптарды әзірлеу, цифрлық ресурстарды енгізу.