Білім министрлігі тест кезінде оқушылардың қулығын жаппай әшкерелемек - kaz.caravan.kz
  • $ 485.82
  • 554.03
+23 °C
Алматы
2026 Жыл
30 Маусым
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Білім министрлігі тест кезінде оқушылардың қулығын жаппай әшкерелемек

Білім министрлігі тест кезінде оқушылардың қулығын жаппай әшкерелемек

Шенеуніктер Ұлттық Біріңғай тест тапсыру кезінде жаңа технологиядан қауіптеніп отыр. Себебі, қулығына құрық бойламайтын жастар тест сұрақтарын сырттан уатс-ап, вайбер арқылы алып отыруға көшкен. Алайда, Білім министрлігі түлектердің мұндай қулық-сұмдығының алдын алуға мықтап кіріспек. Іске енді ішкі істер министрлігі мен жергілікті әкімдіктер кіріседі. Олар ұлттық біріңғай тест өтетін ғимараттарды телефон үнін өшіретін арнайы құрылғылармен мықтап қамтамасыз етпек.

  • 28 Мамыр 2014
  • 385
Фото - Caravan.kz

Былтыр ұлттық қауіпсіздік органдары тесттің алғашқы күнінде-ақ шпаргалка, ұялы телефон, қосымша заттар алып кірген мыңдаған түлекті анықтаған еді. Тіпті, сынаққа рациямен кіріп, өзгенің орнына емтихан тапсырғандар да кездескен. Осылай ұрлығы әшкере болған түлектер арасында өзін-өзі өлтіруге дейін барған фактілер кездесті. Алайда, соңғы оқиғаны білім және ғылым министрі Аслан Сәрінжіпов Ұлттық біріңғай тестпен еш байланыстырмайды. Керісінше, бар гәп оқушылардың денсаулығында дейді. Дегенмен, тест тапсыруға ынталы түлектер қатары азайып кеткен. Былтырғы сынаққа 100 мың талапкер қатысса, ал биыл ол 8 мыңға кеміпті. Айта кетейік, Ұлттық біріңғай тест маусымның 2-сі мен 9-ы аралығында өтеді.


Аслан Сәрінжіпов, ҚР Білім және ғылым министрі:

-Биыл Ұлттық Біріңғай тест форматы өзгерілмейді. Тест тапсыру ерікті түрде жүзеге асады. Екіншіден, биыл 133 мың  түлек мектеп бітірді. Оның ҰБТ-ға 92 мыңы қатысады. Оның ішінде 63 мың түлек қазақ тілінде, 28 мың түлек орыс тілінде тапсырады.