Бірақ қателік екі тараптан да кетіп жатады. Сөзіне құлақ аспаған оқушыны ұстаздардың тоқпақтап алатыны жасырын емес. Оның соңы өлімге соқтырып жатқан жәйттер бар. Десек те, мектепте оқитын ұл-қыздың да кейде жанжалға себепкер болатыны бар. Алайда Білім министрлігі өмірлік тәжірбиесі мол ұстаздар қауымы жағдайды ушықтырмауы тиіс деп отыр. Яғни кез-келген келіспеушілікті тоқпақпен емес, өзара түсінушілікпен шешілгенін қалайды. Сөйтіп шенеуніктер білім ордаларында тәртіп орнатпақ ойда.