Білім саласында жиі жемқорлық жасалатын өңірлер аталды - kaz.caravan.kz
  • $ 478.58
  • 520.84
+15 °C
Алматы
2024 Жыл
21 Шiлде
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Білім саласында жиі жемқорлық жасалатын өңірлер аталды

Білім саласында жиі жемқорлық жасалатын өңірлер аталды

Білім беру саласында жасалған сыбайлас жемқорлық әрекеттерден мемлекетке былтырдан бері 15,1 млрд теңге шығын келген. Толығырақ Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің ресми өкілі Данияр Бигайдаров айтып берді. 

  • 19 Маусым
  • 13
Фото: Kazinform

Бұл туралы Caravan.kz медиа порталы kazinform.kz-ке сілтеме жасап хабарлайды.

«Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет білім беру саласындағы жүйелі жемқорлық фактілерінің жолын кесу бойынша жұмысты жалғастыруда. 2023 жылдың басынан бері осы салада барлығы 229 қылмыстық іс тіркелген. Олар бойынша шығын 15,1 млрд теңгені құрады. Жымқырудың ең көп сомасы Жетісу, Түркістан, Қызылорда, Алматы, Ақтөбе облыстары және Алматы қаласында анықталды», — деді Данияр Бигайдаров агенттікте өткен баспасөз мәслихатында.

Оның айтуынша, осы уақыт аралығында 317 тұлға қылмыс үстінде әшкереленіп, оның ішінде 144 адам сотталған. 

«Ақтөбе облысы бойынша Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет Шалқар ауданындағы білім бөлімінің басшысына қатысты қылмыстық істі тергеуде. Ол аудандық жалпы білім беретін орта мектептің директоры арқылы қызмет бойынша жалпы қамқорлығы үшін ведомстволық бағынысты ұйымдардың басшыларынан жалпы сомасы 18,5 млн теңге пара алды деген күдікке ілінді. Соттың санкциясымен білім бөлімінің басшысы мен аудандық мектеп директоры қамауға алынды», — дейді ол.