Білім және ғылым вице-министрі қызметінен босатылады - kaz.caravan.kz
  • $ 443.35
  • 475.54
+10 °C
Алматы
2024 Жыл
26 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Білім және ғылым вице-министрі қызметінен босатылады

Білім және ғылым вице-министрі қызметінен босатылады

Білім және ғылым вице-министрі Фатима Жақыпова басқа жұмысқа ауысуына байланысты қызметінен босатылады.

  • 8 Қараша 2019
  • 24
Фото - Caravan.kz

Бұл туралы BAQ.kz министрдің кеңесшісі Ерболат Мұхаметжанның Facebook-тегі парақшасына сілтеме жасап хабарлайды.

Білім және ғылым вице-министрі Ф.Н. Жақыпованы қызметінен босату мәселесі бойынша келесіні хабарлаймыз: қазіргі уақытта осы лауазымды тұлға басқа жұмысқа ауысуына байланысты ҚР Заңнамасына сәйкес атқарып отырған қызметінен босату бойынша келісу рәсімі жүргізілуде, — деп жазды ол.

Еске сала кетейік, бұған дейін Парламент Сенатының депутаты Еділ Мамытбеков ҚР премьер-министрі Асқар Маминге жолдаған сауалында білім және ғылым вице-министрі Фатима Жақыпованың плагиат ісімен айналысуын сұрағанын хабарлаған болатынбыз.


Соңғы жаңалықтар