Билингвизм Қазақстанның маңызды интеллектуалдық игілігі болып табылады - Ертісбаев - kaz.caravan.kz
  • $ 470.8
  • 545.99
+17 °C
Алматы
2026 Жыл
23 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Билингвизм  Қазақстанның  маңызды интеллектуалдық игілігі   болып табылады - Ертісбаев

Билингвизм Қазақстанның маңызды интеллектуалдық игілігі болып табылады - Ертісбаев

Алматы. 25 сәуір. "Қазақстан Бүгін" - Билингвизм Қазақстанның маңызды интеллектуалдық игілігі болып табылады. Бүгін ҮІІ Еуразиялық медиафорум аясында "Билингвизм және мультимәдениетті қоғам жағдайындағы БАҚ ролі" атты отырыс барысында еліміздің мәдениет және ақпарат министрі Ермұхамет Ертісбаев осындай пікір білдірді, деп хабарлайды агенттік тілшісі.

  • 25 Сәуiр 2008
  • 1226
Фото - Caravan.kz

«Билингвизм Қазақстанның маңызды интеллектуалдық игілігі болып табылады. Қазақстанның әлеуметтік-экономикалық, нарықтық және саяси модернизация тұрғысынан ТМД аясындағы көшбасшы елдердің біріне айналуында билингвизм үлкен роль атқарды. Қазақстанда 130 ұлыстың өкілі болуын біз әрқашан байлығымызға баладық», — деді Е. Ертісбаев.

Министрдің ақпаратына сәйкес, республикада қазақ тілінде 463 газет, орыс тілінде 874 газет шығарылады. «Жалпы алғанда, орыс тілі басымдыққа ие, өйткені, ол әлемдік алты тілдің бірі, Қазақстандағы жоғары билік орыс тілінің ықпалын азайтуға ешқандай мақсат қойып отырған жоқ. Оған ешқашан жол берілмейді», -деді министр.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Казахстан Сегодня» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті