Билл Клинтонның ұшағы апатты жағдайда Танзанияға қонды - kaz.caravan.kz
  • $ 470.8
  • 545.99
+11 °C
Алматы
2026 Жыл
23 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Билл Клинтонның ұшағы апатты жағдайда Танзанияға қонды

Билл Клинтонның ұшағы апатты жағдайда Танзанияға қонды

АҚШ-тың бұрынғы президенті Билл Клинтонның төрт моторы бірдей істен шыққан ұшағы апатты жағдайда Танзанияға қонды, деп хабарлайды CBS телеарнасы.

  • 30 Сәуiр 2015
  • 404
Фото - Caravan.kz


Телеарнаның деректеріне қарағанда бортта болған жандардың ешқайсысы зардап шекпеген.

Ұшақ ел астанасы — Додоманың әуежайына қонған. АҚШ-тың бұрынғы басшысы  Dash-7 әуе кемесімен Африкаға барып, Билл,Хиллари мен Челси Клинтонның қоры қаржыландыратын жобаларды көрмек  болған. Клинтон өзінің қызы Челсимен бірге Кения, Либерия және Мароккоға да бармақ ниетте.