деп хабарлады оқу орнының баспасөз қызметінен.
Студенттермен бірге ғылыми экспедицияда Кембридж университетінің докторы Филипп Жил де Мендонса, Халықаралық қазақ-түрік университетінің өкілдері, Шығыс-Сібір білім академиясының (Иркутск) оқытушылары мен студенттері болды.
Экспедиция мүшелері Баянауылда жануарлар мен құстарды бақылап, ландшафт пен өсімдіктерді зерттеді — ресейлік студенттер салыстырмалы талдау жүргізді. Ағылшын ғалымы экто және энодопаразиттерді зерттеу үшін ұсақ сүтқоректілерге зерттеу жүргізді.
«Бірлескен жұмыс тараптарды жаңа білім қорымен байыта түсті», — дейді биология ғылымдарының кандидаты Наталья Шевелева (Иркутск).