Бір адам ғана тірі қалды: Алматы - Хоргос тас жолында ауыр жол апаты болды - kaz.caravan.kz
  • $ 485.4
  • 550.69
+22 °C
Алматы
2026 Жыл
25 Маусым
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Бір адам ғана тірі қалды: Алматы - Хоргос тас жолында ауыр жол апаты болды

Бір адам ғана тірі қалды: Алматы - Хоргос тас жолында ауыр жол апаты болды

Алматы - Хоргос тас жолында ауыр жол апаты болды.

  • 1 Тамыз 2019
  • 102
Фото - Caravan.kz

Алматы — Хоргос тас жолында үлкен жол апаты болып, бірнеше адам қаза тапқан. Қазіргі таңда полиция қызметкерлері оқиғаның мән-жайын анықтап, тергеу жұмыстарын жүргізуде, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі KTK арнасына сілтеме жасап.

Жеңіл көліктің жүргізушісі көлікті басқара алмай, жол жиегіндегі қоршауға соғылған. Ауыр соққадан жүргізуші мен жолаушылардың бірі оқиға орнында көз жұмды. 

Audi автокөлігінің жүргізушісі шығыс бағытқа қарай кетіп бара жатқан. Ұзақ бұрылыста жүргізуші рөлге ие бола алмай қалып, көлік қатты ұшып кетіп, 20 метр қоршауды өзімен бірге сүйреп кеткен. Көлікте болған үш адамның біреуі ғана тірі қалды. Ол қазір ауруханада. Дәрігерлер науқастың жағдай өте ауыр деп отыр. 


Қазіргі таңда оқиға орнында тергеушілер жұмыс істеп, жол апатының қалай болғанын тексеруде.