"Бір айда үйренуге тиіс тәртіпті бір күнде үйретеміз дейді. Сөз қайтарғанды - тепкілейді": Әскердегі тәртіп қашан ретке келеді? - kaz.caravan.kz
  • $ 478.58
  • 520.84
+17 °C
Алматы
2024 Жыл
21 Шiлде
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
"Бір айда үйренуге тиіс тәртіпті бір күнде үйретеміз дейді. Сөз қайтарғанды - тепкілейді": Әскердегі тәртіп қашан ретке келеді?

"Бір айда үйренуге тиіс тәртіпті бір күнде үйретеміз дейді. Сөз қайтарғанды - тепкілейді": Әскердегі тәртіп қашан ретке келеді?

Жастардың әскерден қашу себебі неде? Желідегі ақпарат қаншалықты рас?

  • 21 Маусым
  • 127
Фото - Caravan.kz

Бұл туралы Caravan.kz медиа порталы Тортуыл Шоқанның фейсбуктегі парақшасына сілтеме жасап хабарлайды.

Тортуыл Шоқан әскердегі тәртіптің дұрыс еместігінен жастардың өздерін өлімге қиып жатқанын айтты.

«Жастардың әскерден қашу себебі — әлімжеттілік!

Орынсыз кемсітеді, ар-намыстарына тиеді.

1 айда үйренуге тиісті тәртіпті 1 күнде, 1 жылда үйренуі тиісті тәртіпті 1 айда үйретеміз дейді.

Барлық балалың мүмкіндіктері бірдей еместігі ескерілмейді.

Үйінен ақша сұратып, кредит алдыратын фактлер де жетерлік.

Сөз қайтарғанды— сөзсіз тепкілейді. Таяқты бәрі бірдей көтермейді.

Әлжуаз баланың соры сорпадай қайнайды.

Өлгеннен қалғаны— мүгедек, көріп жатырмыз бәрін.

Военкоматтағы әскери медициналық тексеріс дұрыс жүрмейді.

Бала бойындағы ауыру түрлері анықталып, туа біткен кемшіліктерге мән берілмейді.

Уот, сосын өледі.

Осының бәрін дұрысталса, жарнамасы келісті болса, әскерден кім қашады дейсің», деп жазды.

Ол сонымен қатар, прокуратура баратын кезде тамақты дұрыс береді. Бармаса — бермейді. Содан жүреді баяғы аяқтарын сүйреп басып деді.

Оқырмандар «Әскерде әдейі сондай ахуал туғызады. Жастар армиядан жалтарсын деп. Коррупцияның әсері. Ата-ана амал жоқ пара беріп армиядан қалуға тырысады», деп жазды.