"Бір Алла сақтады": Танымал мектеп директоры Ақмоншақ Нұртаза қиын жағдайға тап болды - kaz.caravan.kz
  • $ 490.21
  • 566.93
+27 °C
Алматы
2026 Жыл
10 Маусым
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
"Бір Алла сақтады": Танымал мектеп директоры Ақмоншақ Нұртаза қиын жағдайға тап болды

"Бір Алла сақтады": Танымал мектеп директоры Ақмоншақ Нұртаза қиын жағдайға тап болды

Танымал мектеп директоры, биылғы "Алтын ханым" байқауының жеңімпазы Ақмоншақ Нұртаза қиын жағдайға тап болды.

  • 10 Маусым
  • 4
Коллаж: Caravan.kz, фото/Instagram/aqmonshaq_nurtaza

Бұл туралы ол өзінің желідегі парақшасында мәлімдеді, деп хабарлайды Caravan.kz медиа порталы хабарлайды.

Оның айтуынша, бір Алланың қолдауымен бір өлімнен қалған.

«Қайта туылған күн. Аман болайық. Бір алла сақтады. Маған түкіріп қоясыздар ау», — деп жазды ол.

Мектеп директорының мәліметінше, ол жол апатына түсіп, жедел жәрдеммен ауруханаға жеткізілген. Мектеп директоры қазір жағдайының жақсы екенін, алайда жолда сақ жүруге шақырған. Көпшілік оған қолдау көрсетіп, тездетіп емделіп кетуін сұраған.

Десе де олардың арасында мұндай видеоны не үшін жүктеп салатынын, онымен не көрсеткісі келетінін айтқандар да болған. Солардың бірі журналист — Гүлмира Әбіқай.

«Ес ауып, жараланып жатқанда қалай түсіріп, монтаждап, салып үлгересіздер? Не үшін саласыздар мұндай видеоны? Көрмесек те, бір ауыз жазбаға сенеміз ғой. Тілекшіміз, ем қонсын», — деп жазған ол.