Бұл туралы Caravan.kz медиа порталы хабарлайды.
Оның айтуынша, бейтаныс адам өзін Астанаға грантқа түскен студент ретінде таныстырып, экс-депутаттан көмек сұраған.
«Білесіздер ме, біздің ағзада бір ет бар. Құдай оны жұмсақ әрі жылы етіп жаратады. Ол – жүрек. Бірақ кейбір адамдардың әрекетінен кейін жүрек қатая түседі, сезімталдығы да жоғалып, тасжүрекке айнала түседі. Не айтқым келгенін суреттерді жылжытсаңыз түсінесіз…
Тредстегі жазба. Өзін Қуанышпын, Астанаға грантқа түстім деп таныстырады. Артынша менің жазбамнан кейін жекеме жазды. ҰБТ-дан 118 ұпай, Астананың жалпы медицинасына түскенін айтты. Аты-жөнім Сәкенбай Қуаныш деді. Жағдайың шынымен өзің жазғандай болса, барынша көмектесейін дедім. Бір қазақ баласына демеу болғым келді. Болашақта мықты дәрігер болады ғой деген ниетпен», – деп жазды ол.



Алайда кейін азаматтың айтқандары шындыққа жанаспайтыны анықталған. Мұқаевтың сөзінше, ол аккаунтын ауыстырып, жазбасын өшіріп, экс-депутатты бұғаттап тастаған. Себебі грант иегерлерінің тізімінен «Сәкенбай Қуаныш» деген есім табылмаған.
«Ниетімді қайтейін, айтқаны бәрі өтірік. Артынша аккаунтын ауыстырып, жазбасын өшіріп, өзімді блокқа тықты. Себебі грант тізімінде Сәкенбай Қуаныш мүлде жоқ. Өтірігі шығып қалды! Ана жазба астында біраз адамның жаны ашып, Кaspi нөмірін сұрап жатқандар болды. Солардың бәріне жекесіне жазып та шыққан шығар?! Бір Алла біледі…
Қысқасы, сіздер де бұндай адамдардан сақ болыңыздар. Бір өкініштісі, осындай адамдардың әрекетінен шынайы көмекке зәру адамдар зардап шегуде.», – деді Дәулет Мұқаев.

