Бір күнде танымал болып кеткен сылақшы жаңа жобаға қатысады – видео - kaz.caravan.kz
  • $ 443.44
  • 480.51
+26 °C
Алматы
2024 Жыл
18 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Бір күнде танымал болып кеткен сылақшы жаңа жобаға қатысады – видео

Бір күнде танымал болып кеткен сылақшы жаңа жобаға қатысады – видео

Қазақ және шетел әндерін нақышына келтіре орындаған сылақшы Гүлмайдан Серікбай Instagram желісінде арнайы парақша ашып, тікелей эфирде көрерменнің сұрақтарына жауап берді. "Әнші Дана" есімін не себепті таңдағанын да түсіндірді.

  • 2 Желтоқсан 2021
  • 55
Фото - Caravan.kz

Бұл туралы Caravan.kz медиа-порталы Sputnik Казахстан-ға сілтеме жасап хабарлайды.

Ол Қорқыт ата университетінде "жоғары музыкалық білім" мамандығы бойынша білім алды. Бірақ үшінші курста отбасы жағдайына байланысты оқуды тастап кетті.

27 жастағы Гүлмайдан Қызылорда облысы Шиелі ауданындағы Бестам ауылында дүниеге келген. Ата-әжесі Гүлмайдан Сүндетова деген әншіге ұқсасын деп, атын Гүлмайдан деп қойған.

"Үлкен кісілер оны жақсы біледі. Домбырамен өлең айтады. Мені перзентханадан әкелгенде "Қазақстан әйелдері" деген журналдың бетінде сол кісінің суреті тұр екен. Ата-әжем оны көрді де, мен әнші болсын деп атымды Гүлмайдан деп қойды. Кішкентай кезімнен "Титаниктің" сөзін білмесем де, әнін айтып жүретінмін. Ал далада "Саржайлауды" айтатынмын. Аузым жабылмаймын. Ыңылдап жүре беретінмін. Нағашы әжемнің даусы зор болған деседі. Бірақ мен ол кісіні көрген жоқпын", — дейді Гүлмайдан.

Оның айтуынша, көбісі "Гүлмайдан" деген есімді есте сақтай бермейді. Танысқаннан кейін атың кім деп тағы сұрай береді. Ал туыстары мен достары оны "Дана" деп атап кеткен.

"Содан Дана болып кеттім. Бірақ Гүлмайдан десеңіздер де, Дана десеңіздер де болады. Менің ресми аккаунтым осы. Сондықтан басқа парақшаларға алданып қалмаңыздар", — деді Дана.

 

Соңғы жаңалықтар