"Бір күнде төрт еркекпен жыныстық қатынасқа түсесің": Адвокат алимент алып беремін деп жас қызды зорлап келген - kaz.caravan.kz
  • $ 446.49
  • 475.38
+11 °C
Алматы
2024 Жыл
19 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
"Бір күнде төрт еркекпен жыныстық қатынасқа түсесің": Адвокат алимент алып беремін деп жас қызды зорлап келген

"Бір күнде төрт еркекпен жыныстық қатынасқа түсесің": Адвокат алимент алып беремін деп жас қызды зорлап келген

Адвокат 21 жасар қызды 8 ай бойы зорлап, қорлық көрсетіп келген. Ал адвокаттың қорқытып-үркіткен аудиожазбасы халықты тіптен шошытты.

  • 7 Желтоқсан 2021
  • 8649
Фото - Caravan.kz

Бұл туралы Caravan.kz медиа порталы Еуразия арнасының "KOREMIZ" ток-шоуына сілтеме жасап хабарлайды.

Алматы облысының тұрғыны Анар 18 жасында тұрмысқа шыққан. Балалы болған келіншек дәм-тұзы жараспай күйеуімен ажырасқан. Кейін одан заңды түрде алимент өндіріп алмақ болады. 

Көп ұзамай ғаламтордағы сайттардың бірінде өзін адвокатпын деп таныстырған Әсет есімді азамат алимент алып беремін деп қызды құрығына түсірген. Қорғаушы өзін әр түрлі есіммен таныстырған. Отбасылы емеспін, басым бос деп алдаған. 

— Басында сен сияқты қыздарға көмектесіп жүрмін, алимент алып беремін, тіпті тегін жасаймын деді. Кейін сен ұнайсың деп сезімін білдірді.

Анардың айтуынша, өзінен 18 жас үлкен адвокат осылай сенімге кіріп, кейін күш көрсетіп зорлаған. Артынша бұл ісін тұрақты түрде жалғастырып келген.

8 ай бойы зорлап келді. Есіктің алдына келіп,  көлігінде зорлайтын.

"Одан кейін бір күнде төрт еркекпен жыныстық қатынасқа түсіп, видеосын жібер деді. Айтқанын істемеген соң, екі досымен жыныстық қатынасқа түсуім керегін айтты. Оны да видеоға түсіріп жібер",- дейді, әбден қорлық көрген қыз. 


— Өзімді өлтірмекші болдым. Сіңілілеріммен, ініммен, қызыммен қорқытты. Айтқанымды істемесең, оларды жоқ қылып жіберемін дейді.

— Шаруам жоқ, айтқанымды істейсің, деп адам шошырлық боқтық сөздер жіберді ватсап желісі арқылы, деді қорлық көріп, қорқып қалған бойжеткен. 

Ал адвокаттың Анарға жіберген аудиожазбалары жаға ұстатарлық. Осындай қорқытып-үркітуді үнемі естіген Анар амалсыз барлық айтқандарына көнуге мәжбүр болған көрінеді. Ең соңында өзіне қол жұмсауға бекінген. Ал полиция арызданғанымен нәтиже болмапты.

 

Соңғы жаңалықтар