Бір күнде үш бірдей ірі жол апаты болып 11 адам көз жұмды - kaz.caravan.kz
  • $ 467.65
  • 533.26
+29 °C
Алматы
2026 Жыл
23 Шiлде
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Бір күнде үш бірдей ірі жол апаты болып 11 адам көз жұмды

Бір күнде үш бірдей ірі жол апаты болып 11 адам көз жұмды

Жамбыл мен Ақмола облысында бір күнде үш бірдей ірі жол апаты болып, 11 адам көз жұмды. Оңтүстік өңірдегі Мойынқұм ауданында «Toyota Rav-4» жолаушылар автобусына соғылып, жеңіл көліктегі ерлі-зайыптылар мен олардың 12 жастағы баласы оқиға орнында жан тапсырды.

  • 15 Тамыз 2013
  • 340
Фото - Caravan.kz


Сондай-ақ, Байзақ ауданында шағын автобустың тізгініне ие бола алмаған азамат, жол жиегінде бұзылып тұрған «Газ-53» жүк көлігін соққан. Үш адам сол жерде қайтыс болса, 5 жолаушы ауруханаға түскен. Ақмола облысындағы қайғылы жағдай да жұрттың жағасын ұстатты. Екі «Мерседес» бетпе-бет соқтығысып, 5 адам бақилық болған. Жеңіл көліктің бірі қарсы бағытқа шығып кеткен көрінеді. Соққының қатты болғаны сонша, темір тұлпардың бірі ортасынан бөлініп қалған.