Жарияланды: 6700

"Бір өлімнен аман қалдым. Маған айтпай үйімізді сатып жіберіпті": Жігер Ауыпбаев ешкімге айтпаған сырымен бөлісті

"Бір өлімнен аман қалдым. Маған айтпай үйімізді сатып жіберіпті": Жігер Ауыпбаев ешкімге айтпаған сырымен бөлісті

Жігер Ауыпбаев бұрын соңды ешкімге айтпаған сырымен бөлісті.

Бұл туралы Caravan.kz медиа-порталы хабарлайды. 

Меломеннің экс-мүшесі танымал әнші Жігер Ауыпбаев балалық шағында көрген қиындықтарын сонымен қоса бір өлімнен аман қалғанын ашық айтып берді.

ЖІГЕР АУЫПБАЕВ:

"Жалпы 1993 жылдары тоқырау жылдары ғой енді. Сол кезде қатты қиыншылық болды. Отбасымыз қаншама сынақтан өтті. Ата-анам жұмыстан қысқартылып, өзінен-өзі малдарымыз қырылып бір ауыр сынақ келді. Онымен қоса мен қатты ауырып маған ота жасатпаса болмайтындай халге жетіппін. Мен ауруханада жатқанда ата-анам тұрып жатқан үйімізді сатып жіберген екен. Маған дәрі-дәрмекке, операцияма қаражат керек болғандықтан. Бірақ оны мен білмеймін.Біраз уақыт емделіп шықтым үйіміз жоқ екенін сонда білдім. Сонда аман қалғаныма қуанып менің ендігі арманым әнші болып ақша тауып ата-анама үй алып беру болған" -дейді.

Ол өзінің балалық арманын орындау үшін аянбай еңбек етті. Қазіргі танымалдылыққа жету өте үлкен қажырлы еңбекті талап етеді әрине. Қаншама кафе, ресторандарда әнші болып ақша тауып, өзіне қимай отбасына қарасып, ата-анасының жағдайын жасап міне қазір өзі армандаған арманына жетіп ата-анасына жеке үй алып берген. 

Онымен қоса ол студенттік шағында өзге балалар сияқты тәттіні жеп өмір сүрмеген.

Жігер: 

"Мен студенттік кезімде де тіпті жұрт секілді тәтті жеп жүрген жоқпын. Себебі мен арманымды жүзеге асыру мақсатында өстім. Күніне ән айтып 2000 теңге тапсам оның 1800 теңгесін тығып қойып 200 теңгені жараттым. Нан алып, су сатып алмай жолда крандарда ағып тұрған таза суды ішіп өстім. Студенттік шағымда мен 3 айдың ішінде 7000 доллар ақша жинағанмын.Шүкір"  -дейді.

Қазіргі таңда Жігер мырза Қазақстанның барлық өңірлерін аралап жанды дауыста жеке ән кешін беріп жүр. Осы күзде бұйыртса Алматы шаһарында Республика сарайында үлкен кешін бермек ниетте.

Пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін