Бір сағаттық өмірің қалса... - kaz.caravan.kz
  • $ 485.4
  • 550.69
+26 °C
Алматы
2026 Жыл
26 Маусым
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Бір сағаттық өмірің қалса...

Бір сағаттық өмірің қалса...

 

  • 22 Шiлде 2019
  • 32
Фото - Caravan.kz


Бiр кiсiден:
— Бiр сағаттық өмiрiң қалды десе, не iстер едiң? — деп сұраған екен, ол:
— Бiр сағат бойы тек қана намаз оқыр ем. Алладан жарылқау сұрар ем, — деп жауап берiптi.

 Осы сұрақты екiншi кiсiге қой­ғанда, ол:
— Бар малымды кембағалдарға таратып сауап жинап қалар едiм, — дептi.

Ал үшiншi адам:
— Мен алғашқы жарты сағатымды бiлiм жинауға жұмсар ем де, қалған жарты сағатымда сол бiлiмдi басқаларға үйретер едiм, — дептi.
Осы үшеуiнiң әрекетiнiң iшiнде ең қайырлысы, Алла  Тағалаға ұнамдысы — соңғы кiсiнiкi екен. Сондықтан, бiлiм үйренiп, оны елге тарату — әр мұсылманның парызы болып табылады.
Бiрақ мұндағы бiлiм деп отырғанымыз — пайдалы, пайдасыз ақпараттар жиынтығы емес, Алланы  тану, тақуалықты арттыру жолындағы iзденiс.
Ақырет күнiнде ислами көзқарастан ада, Алланы танудан алыс жатқан «ғалым­ға» бүкiл ғұмырын сарп етiп жиған iлiмi еш пана бола алмайды.