Бір тәулікте 400-ден астам адам пневмониямен ауырған: 3 науқас көз жұмды - kaz.caravan.kz
  • $ 487.44
  • 567.38
+21 °C
Алматы
2026 Жыл
7 Маусым
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Бір тәулікте 400-ден астам адам пневмониямен ауырған: 3 науқас көз жұмды

Бір тәулікте 400-ден астам адам пневмониямен ауырған: 3 науқас көз жұмды

 

  • 6 Қыркүйек 2020
  • 21
Фото - Caravan.kz

2020 жылғы 6 қыркүйекте тіркелген коронавирустық инфекция белгілері бар пневмония бойынша ақпарат жарияланды, деп хабарлайды Stan.kzақпарат агенттігі.

Денсаулық сақтау министрлігінің мәліметінше, өткен тәулікте коронавирустық инфекция белгілері бар пневмонияның 423 жағдайы және 3 өлім жағдайы тіркелді. Оған қоса 83 адам емделіп шықты.

1 тамыздан барлығы: ауырғандар — 27 623, 313 өлім жағдайы тіркелді, ал жазылып шыққандардың саны 5 957 жетті.

Қазіргі уақытта коронавирустық инфекциядан 5 151 адам ем қабылдауды жалғастыруда. Олардың арасында 31 өскіншек бала бар. Стационарларда 2 761 науқас жатыр. 2 390 адам амбулаториялық жағдайда емделуде.
Жалпы науқастардың арасында 147 адамның ахуалы нашар. Соның ішінде 18 науқастың ахуалы аса қатты ауыр деп бағалануда. 24 науқас өкпені жасанды желдету аппаратында жатыр", — дейді денсаулық сақтау министрлігі.

Естеріңізге сала кетейік, осыған дейін
елімізде коронавирус жұқтырғандар санының тұрақтанбай тұрғаны
туралы жазған болатынбыз.