Ұлттық валютаның долларға шаққандағы бағамы 330,68 теңгеге тең болды. Еске салайық, 10 сәуірде күндізгі сессияда доллар бағамы 325,88 теңге болған, — деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
Таңғы сауданың бірінші келісімі 329,70 теңгемен өтті және осы ең минималдық құны болды, ал максималдық құны — 331,90 теңге. Сауданың жалпы көлемі 320,4 миллион долларға жетті.
Kurs.kz мәліметінше, ұлттық валютаның долларға шаққандағы бағамы 328-336 аралығында.
11 сәуірде Астана уақытымен 11.00-де Brent маркалы мұнай бағасы барреліне 70,72 доллар болды.