Жоба саланы мемлекеттік қолдаумен қамтамасыз етуге бағытталған.
«Қазір еліміздегі мақта өсіру саласы кенжелеп қалды, сондықтан осындай заң қабылдау қажеттігі туындап отыр», — делінген сейсенбі күні мәжіліс депутаттарының назарына ұсынылған заң жобасына қатысты құжатта.
Құжат ауылдық тұтыну кооперациялары туралы, ауыл шаруашылық серіктестіктері мен олардың қауымдастықтары туралы, мақта өсіру саласын дамыту туралы заңдарға түзетулер енгізілмек.
Онда жергілікті атқару органдарының мақта талшығын өсірумен айналысатн диқандарға қолайлы жағдай туғызып, мемлекет тарапынан оларға дер кезінде субсидия бөлінуіне ықпал ету, мақташыларды көктемгі егіс пен күзгі жиын-терім кезінде мұнай өнімдерімен қамтамасыз ету саласында атқаратын міндеттері нақтыланған.
Сонымен қатар, заң жобасында мақта өңдейтін ұйымдардың кәсіпкерлікпен айналысуына тыйым салу туралы талапты алып тастау қажеттігі айтылған.
Депутаттардың пікірінше, аталған заң жобасының экономикалық, әлеуметтік, құқықтық жағынан кері әсері болмайды және ол мемлекеттік бюджеттен қосымша шығын талап етпейді.