"Бір ұл, бір қыз асырап алсаңдаршы": Балғынбек Имаш Айнұр Тұрсынбаеваға ұсыныс айтты - kaz.caravan.kz
  • $ 444.22
  • 476.38
+8 °C
Алматы
2024 Жыл
26 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
"Бір ұл, бір қыз асырап алсаңдаршы": Балғынбек Имаш Айнұр Тұрсынбаеваға ұсыныс айтты

"Бір ұл, бір қыз асырап алсаңдаршы": Балғынбек Имаш Айнұр Тұрсынбаеваға ұсыныс айтты

Танымал айтыскер ақын Балғынбек Имаш бүгінде психолог болып халықтың көзаймына айналған Айнұр Тұрсынбаеваға бала асырап алу жөнінде ойын жеткізді. 

  • 17 Қараша 2020
  • 1544
Фото - Caravan.kz

Бұл туралы Caravan.kz медиа порталы хабарлайды. 

"Алла қосқан жарым Иманәлиев Нұржан екеуміз ақылдаса келе, Алла разылығы үшін бір жария садақа жасайық деп шештік… Яғни, ата-анасы жоқ тұл жетім 10 балаға ай сайын 30 мың теңгеден стипендия беріп тұратын болдық.. Тек жақсы оқитын балалар болуы шарт", деп жария садақа жасағысы келетіні туралы жазған болатын. 

Әріптесі Балғынбек Имаш: "Бақытты болыңдар! Алла садақаларыңды қабыл етсін! Өздерің сондай 1 ұл, бір қыз асырап алсаңдаршы. Жетімнің қамқоры болған жандар қияметте Пайғамбарымызбен (с.ғ.у) көрші болады, иншәАллаһ!", деп жазды.

Айнұр ханым да ниеттеніп отырғандарын жасырмай жария етті: "Ин ша Аллах, ниеттеніп жатырмыз", деп жауап жазды.

 

 

 

Соңғы жаңалықтар