«Бір-ақ секундта сындырдым…». Әкімге тоқал болам деген қыз арманына жетіпті - kaz.caravan.kz
  • $ 443.35
  • 475.54
+10 °C
Алматы
2024 Жыл
26 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
«Бір-ақ секундта сындырдым…». Әкімге тоқал болам деген қыз арманына жетіпті

«Бір-ақ секундта сындырдым…». Әкімге тоқал болам деген қыз арманына жетіпті

Ал ендеше! Әкімге тоқал болам деген мына қызды желідегі жұрт жер-жебіріне жеткізе сынаса керек. Ашынып ойындағысын айтыпты. Ескертеміз видеода боқауыз сөздер бар. 

  • 12 Шiлде 2018
  • 896
Фото - Caravan.kz
 

A post shared by ОЙБАЙ LIFE (@oybaylife) on

Бұдан бұрын осы қарындасымыз өзін әкімнің тоқалы болғысы келетінін айтып, жалпақ жұртқа жар салған.

Кішкентайынан әкесінен, 17 жасында анасынан жетім қалған 28 жастағы бойжеткен Oybay Life бағдарламасына келіп, өзінің жан сырын ақтарды. Айтуынша, ол ендігі өмірін депутат немесе қалталы кәсіпкерге тоқал болумен өткізгісі келеді.

Тоқал болғым келеді деп полиция бөлімшесінде зар илеген қызды тауып, журналистер сұқбат алыпты. Сөйтсе оның аты Салтанат екен. Ойы әлі өзгермепті. Бірақ түрін дұрыстапты. 

 


A post shared by ОЙБАЙ LIFE (@oybaylife) on

— Атым Салтанат. Менің тоқал болып, Дубай, Париж, Лондон аралағым келеді. Мен соған лайықтымын. Бұрын әкімге тоқал болғым келетін, қазір ол ойымнан айнып қалдым. Қазір депутатқа тоқал болғым келеді. Құрбыларым сөйдеп айтты.

Бай боп, маған ақшасын шашса, еркелетсе, айтқанымның бәріне көнсе — бұл бақыт емей немене?

Байдың әйелі болсам, күшті көйлек киіп, майкап жасап, жарқырап телевидениеден түспес едім. Шетелден шетелге барып, съемкадан съемкаға түсіп жүрер ем.

Кәріс мейрамханасында аспазшының көмекшісі боп жұмыс істегем, қазір жұмыс істемеймін, боспын.

Мен сұлу қызбын, жасым да келіп қалды — 28-демін. Бір айлыққа қарап отырсам үй де күйім де болмайды. Сондықтан жас кезде басқа мүмкіндіктерімді пайдалансам ба деймін.

Менің ешкімім жоқ, әкем кішкене кезімде қайтыс болды, анам 17 жасымда көз жұмды. бауырым болған, анам кеткен соң бір жылдан соң ол да қайтыс болды. Сонда мен қазір тұл жетіммін. Үйім жоқ. Пәтерден пәтер жалдап, құрбыларыммен бірге кейде тұрам. Ауылда үй болған, соны саттым. Сол ақшаға күн көріп келдім осыған дейін.

Ата-анам мен үшін ұялады деп ойламаймын. Өйткені көзі тірісінде анам маған: „Әкімнің әйелі бол!„ деп айтып кеткен. Енді бүкіл әкім-депутаттардың әйелдері бар ғой, содан соң мен тоқал болуға дайынмын.

Тоқал дегенді қоғам қабылдамайды. Жақсы білем оны. Бірақ қаракөз қыздарымыз далада қалмауы керек қой мен секілді. Пайғамбарымыздың да 3-4 әйелі болған, онда тұрған не бар?.. Қазір басым бос, әлі жігіт тапқан жоқпын…» деген еді Салтанат.

Соңғы жаңалықтар