"Бірде-бір рет ашуға бой алдырмады": Белгілі заңгер Бишімбаевтың сотта неден қателесіп, өзін ұстап бергенін айтты - kaz.caravan.kz
  • $ 444.14
  • 477.05
+14 °C
Алматы
2024 Жыл
3 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
"Бірде-бір рет ашуға бой алдырмады": Белгілі заңгер Бишімбаевтың сотта неден қателесіп, өзін ұстап бергенін айтты

"Бірде-бір рет ашуға бой алдырмады": Белгілі заңгер Бишімбаевтың сотта неден қателесіп, өзін ұстап бергенін айтты

Белгілі заңгер Джохар Утебеков Бишімбаев ісіне қатысты өз болжамын айтты.

  • 23 Сәуiр
  • 122
Фото - Caravan.kz

Айтуынша, аталған іс еліміздегі сот жүйесінің «олқылықтарын» да көрсеткен, деп хабарлайды Сaravan.kz медиа порталы.

Танымал заңгер Джохар Утебеков қоғамда қызу талқығы түскен Бишімбаев сотына қатысты өз ойын ортаға салды. Ол, сондай-ақ, істің немен аяқталатынына болжам жасады.

«Бұл істегі әділдік Бишімбаевтың өзін-өзі ұстап беруі болды! Ол адамдықтан ада пиар-кампанияны ойластырды. Бүкіл процесс бойы өзінің ерік-жігерін көрсетті, тәуір-ақ «сүттен ақ, судан таза болып» шығудың амалын жасады. Мінезі қандай ауыр болса да, бірде-бір рет ашуға бой алдырған жоқ.

Соңында, тіпті, қылмыс болған күні мас күйінде сұмдық видео түсіргенін және өзінің паролін бергенін ұмытып қалған. Тек осы тұста ғана, күдікті болған жайтқа түсініктеме бере алмай, әбден сасқалақтады. Менің клиенттерге деген эмпатиям күшті, алайда мен олардың қиын жағдайын жүрегім мен жаным арқылы өткізбеймін. Мұндайды тек кәсіби білікті мамандар ғана жасайды.

Осы істе, өкінішке орай, маған Салтанат пен ағасының басынан өтіп жатқан жайт қатты әсер етті. Бірінші күннен бастап-ақ тек экраннан тек зұлымдықтың куәсі болдық…

Істі толықтай бақылай отырып, оның немен аяқталатынын болжауға болады: 25 жыл немесе өмір бойына бас бостандығынын айырылу. Байжановқа — 4 жыл», — деп жазды ол желідегі парақшасында.

Соңғы жаңалықтар