"Бірдеңені жемеші, а!": Танымал журналист Балтабектің сайлауға арнаған кезекті өлеңін сынға алды - kaz.caravan.kz
  • $ 445.66
  • 474.58
+21 °C
Алматы
2024 Жыл
23 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
"Бірдеңені жемеші, а!": Танымал журналист Балтабектің сайлауға арнаған кезекті өлеңін сынға алды

"Бірдеңені жемеші, а!": Танымал журналист Балтабектің сайлауға арнаған кезекті өлеңін сынға алды

Танымал журналист Қайнар Олжай әлеуметтік желіде кезекті сайлау науқаны мен Президент Тоқаевқа өлең арнаған Балтабек Нұрғалиевтің шығармасын астарлы әзілмен сынап тастады.  

  • 26 Қыркүйек 2022
  • 2226
Фото - Caravan.kz

Бұл туралы Caravan.kz медиа порталы Қайнар Олжайдың фейсбуктегі парақшасына сілтеме жасап хабарлайды.

Қайнар Олжай  ақынды Қожанасыр туралы әзіл әңгімемен түйріеп алды. 

"Қожанасыр қарашаның 20-сы күніне қарай кемпірдің шайы, есегінің жемі таусыларын, өзінің қыстық етігі енді киюге келмей тозғанын ойлап тұр еді. Сопаң етіп көршісі шыға келді. Екі езуі екі құлағында.
-Қожеке, мына өлеңді тыңдаңызшы,- деп аңыратып қоя берді.
Балтабектің алдағы сайлау туралы өлеңін оқыған соң көршісі:
-Керемет, керемет қой,- деп тамсанды.
-Әй, мұның қай жері керемет сонда?- деп сұрады «есегімнің естісін-ай» дегеннен басқаны өлең қатарына қоспайтын Қожанасыр.
-Ой-бой, Қожеке, қарасаңызшы. «Жиырмасыншы қараша» дегенге қаншама тың ұйқас тапқанын,- деп өзеуреді көрші.
-Әй, бір ұйқас ұмыт қалыпты,- деді шайдың таусылғаны, жемнің қымбаттағаны және етіктің жыртығы ойынан шықпай тұрған Қожанасыр.
-Ол қандай ұйқас?- деп ынтыға сұрайды көрші.
-Бірдеңені жемеші, а!", деп жазды.  

 
Балтабек Нұрғаливке фейсбук желісінің оқырманы осы өлеңге қарсы өлең жолдарын арнады: 
"Сайлау күні—жиырмасыншы қараша, 
Ақынсымақ жағымпазға бәрі бірдей, тамаша! 


Нашарбайды мақтап жүрген бір кезде, 
Енді шіркін Тоқаевтың аяғын бір жаласа!
 
Сайлау күні—жиырмасыншы қараша, 
Қуанады жағымпаздар балаша! 
Бойы биік болғанымен Балтабек, 
Ойы қортық, ақылы жоқ, аласа! 
 
Сайлау күні—жиырмасыншы қараша, 
Диктаторлар билік үшін қарманады, таласа! 
Балтабектей жағымпазға бәрібір, 
Билеушінің к… ті болса, жаласа! 
 
Сайлау күні—жиырмасыншы қараша, 
Қазағымның ұйқысы да балаша! 
Ауызынан сілекейі ағып жатыр, қарашы, 
Селт етпейсің билеушілер байлығыңды таласа! 
 
Сайлау күні—жиырмасыншы қараша, 
Жыр арнайды жағымпаздар таласа! 
Өзгермейді ұйқыдағы қазағым, 
Ой-санасы көпшіліктің аласа!…", делінген. 
 

 

Соңғы жаңалықтар