«Біреуі бар»: Ерке Есмаханның туған күнінде алған гүлдері елді ойландырып тастады - kaz.caravan.kz
  • $ 443.35
  • 475.54
+5 °C
Алматы
2024 Жыл
26 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
«Біреуі бар»: Ерке Есмаханның туған күнінде алған гүлдері елді ойландырып тастады

«Біреуі бар»: Ерке Есмаханның туған күнінде алған гүлдері елді ойландырып тастады

Ерке Есмахан күні кеше ғана 32 жасқа толды. Туған күніне келген 303 розасын желідегі Stories-іне жүктеген әншіге желідегілер түрлі сұрақ қойып жатыр.

  • 30 Қараша 2018
  • 93
Фото - Caravan.kz

Қып-қызыл розалардың суретін жүктеген Ерке гүлдің кімнен келгенін құпия қалдырыпты деп жазды sn.kz

«Неткен сұлулық. Үйге келсем, мені тағы да тосын сый күтіп тұр. Бағанағы 303 раушан гүлін ваннаға әрең сыйғызған едім. Енді екі метрлік мына гүлдер келіпті», − деген Ерке Есмахан өз табынушыларына алғыс айтқан.

Желі қолданушылары оның туған күнінде түскен басқа суретінің астына сыйлық иесінің кім екеннін сұрап, пікір қалдырып жатыр.

«Соңғы кезедері махаббат жайлы көп жазып жүрсіз. Біреу пайда болды ғой деймін өміріңізде?», «Біреуіңіз бар. Білеміз. Қашан таныстырасыз? Бақытты болғаныңызды қалаймыз», — деп жазды желі қолданушылары.


Айта кетейік, Ерке Есмаханның белгілі тележүргізуші Асхат Садырбайдан бір ұлы бар.

Соңғы жаңалықтар