«Біреумен жатқаны көз алдыма келеді»: Желі қолданушысы әйелінің масқарасын шығарды - kaz.caravan.kz
  • $ 446.49
  • 475.38
+21 °C
Алматы
2024 Жыл
20 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
«Біреумен жатқаны көз алдыма келеді»: Желі қолданушысы әйелінің масқарасын шығарды

«Біреумен жатқаны көз алдыма келеді»: Желі қолданушысы әйелінің масқарасын шығарды

Қазақ қоғамында қыздың абыройы қай заманда да бірінші орында тұрған. Десе де, пәктігінен айрылғанын біле тұрып, оны жар етіп алғаннан кейін өкіну, оны бетіне басу секілді келеңсіз жайттар біздің ортамызда жиі кездесе бастады. Тіпті, әлеуметтік желідегі парақшасында өз келіншегінің абыройын төгетіндер де көбейді. Сондай ер азаматтардың бірі Facebook желісі арқылы әйелін қаралап, көпшіліктен кеңес сұрап отыр.

  • 15 Тамыз 2018
  • 381
Фото - Caravan.kz


«Жасым 30-дан асып кетті. Бір баламыз бар, бірақ менің әйелімнің біреумен жатқанын көзіме келеді де тұрады.

Бұл менің алғашқы некем. Өзім де періште емеспін, дегенмен арамыз суып бара жатыр, басында ондай ойлар келмеген. Ештеңеге қараған емеспін.

Басында ойлағанмын, 21 ғасыр деп, Марсқа ұшып жатыр, ғылым дамып жатыр, қыздық ол ежелгі заман деп, бір қате кетсе кеткен шығар деп…

Уақыт өте келе ойымнан кетпейді, әйелімнің абыройсыз ақ босағаны аттағаны. Әсіресе, достарымның айтқаны сүйектен өтті, ойлар басымнан кетпей қойды.

Мен өзімшіл емеспін, қайда барады сонда жеберем әйелімді, төркініне барса, барма демеймін. Дегенмен, жаным жай таппай жатыр.

Басында ашық түрде айтқан, мен қыз емеспін деген, мен оған көндім, өзімнің намысымды қалтама салып үйлендім, шын жақсы көрем әйелімді. Әйелімнің жасы менен кіші. Тіршілік жасайды үйде, үйдегілер оны сыйлайды. Қандай, не пікір, қандай кеңес бересіңдер?», — деп көптен кеңес сұрады

Соңғы жаңалықтар