Оның мәліметіне қарағанда, келеңсіз оқиға 20 маусымда орын алған. «Өзара ерегіскен 28 және 29 жастағы екі азамат әуежай аумағындағы бос жатқан жерде кездесуге келіскен. Екеуі де аңшы мылтығын алып, жандарына өзге адамдарды ертіп келген. Кездесудің нәтижесі — бір адам сол жерде ажал құшты, екіншісі жараланып ауруханаға түсті», — деп мәлім етті полициядағы дереккөз.
Оның айтуынша, оқ атылған мылтық алынып, тергеу жүргізілуде.