Жарияланды: 40

Бірінші күйеуінен үш бала босанған: Индира Расылхан тұңғышынан айырылғанда қалай қиналғанын айтып жылады

Бірінші күйеуінен үш бала босанған: Индира Расылхан тұңғышынан айырылғанда қалай қиналғанын айтып жылады

Индира Расылхан алғаш рет тұңғыш некесінен үш баласының болғанын айтты.

Алайда әншінің тұңғышы ауырып, бір жасқа толар уақытында шетінеп кеткен. Сондай-ақ, ол екі қызының махаббатқа шөлдемей өскенін, керісінше туған әкесін мүлдем іздемейтінін айтты, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі «Хабар» арнасының «Қарақатпен шай» бағдарламасына сілтеме жасап. 

«Жоқ, араласпайды, көрген де емес. Бірақ, бар екенін біледі. Қазір екі қыз «Мен өз әкемді көргім келеді» деген сияқты бір де бір рет айтпаған. Себебі, Азекең әкесінің орнын баса білді», - деп алғаш рет егіздерінің әкесі туралы айтты. 

Әрі қарай әнші тұңғышының қалай шетінеп кеткенін баяндады. Олбастапқыда тұңғышы қатерлі ауруға шалдықты деп ойламағанын жасырмады. 

«1998 жылы 1 шілде күні бірінші қызымды босандым. Бәрі өте жақсы болды. Қыздың сау екенін айтты. Ол кезде мен жас болдым. Бұл оқиға егіздерге дейін болды. Маған билирубиннің көп болуынан ертеңгі күні бала өліп кетуі мүмкін екенін ешкім айтпады. Тек «Осындай дәрілерді бересіз. Одан кейін тағы да тексерілуге келесіз» деді. Мен сол дәрілерді беріп жүрмін. Бірақ мынандай қылып айтпаған соң, аса мән бермеген сияқтымын. Сосын 3-4 айдан кейін қызымның ауытқулары бар екенін, көзінің қарасы дұрыс көрмейтінін байқай бастадым», - дейді әнші. 

Әрі қарай Индира Расылхан қызының бұл ауытуларына қарамастан, дәрігерлердің оның жақсы дамып келе жатқанын айтқанын бөлісті. Бір шетінен дәрігерлер суыт хабарды айтудан қорыққан болар деген пікірде.

«9 ай толған кезде баланың отырмайтыны, қолына ешнәрсе ұстамайтыны анық көрініп тұрды. Іс-қимылы 9 айлық балаға лайық емес. Сосын дәрігерлер «Біз уақытты жіберіп алдық па? Енді қайда барып емдесек болады?» деп сұрадым.  Олар «Біз ештеңке айта алмаймыз. Апарып тексеретін жерің болса, алып кетсең болады» деді.

Алматыға келген кезде «жүрек жетіспеушілігі» деген диагноз қойды. Баланы жөтел қысып, жүрек қызметін дұрыс жасамай өкпесіне су жиналды. Ақыры жансақтау бөлімінен бір-ақ шықтық: температурасы бар, басқасы бар. Әшейінде маған көп қарамайтын,соңғы демінде маған қарап жымиды. Сосын әрі қарай кетіп қалды. Баланың сондай бір әдемі, тәтті шағыныңбасталып келе жатқан кезі ғой», - деп көзіне жас алды әнші. 

Пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін