«Бірнеше байдан қалған қатынға сырға салған ұят екен»: «Қыздай» қайта ұзатылған Ерке Есмахан көпшіліктен оңбай сөз естіді - kaz.caravan.kz
  • $ 444.32
  • 473.33
+21 °C
Алматы
2024 Жыл
24 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
«Бірнеше байдан қалған қатынға сырға салған ұят екен»: «Қыздай» қайта ұзатылған Ерке Есмахан көпшіліктен оңбай сөз естіді

«Бірнеше байдан қалған қатынға сырға салған ұят екен»: «Қыздай» қайта ұзатылған Ерке Есмахан көпшіліктен оңбай сөз естіді

Желіде Ерке Есмаханның сырға салу рәсімінен түрлі видео тарады.

  • 20 Ақпан 2023
  • 391
Фото - Caravan.kz

Оқырмандардың дені әншінің ақ босағаны енді аттағандай үкі тағып, сырға салғанын сөккен, деп хабарлайды Caravan.kz тілшісі.

Эстрада жұлдызының өміріндегі маңызды күн жайлы әнші Мәдина Сәдуақасова жариялады. Ол желідегі парақшасында:

«Әр қыз бақытты болуға лайық, Ерке Есмахан, құттықтаймын! Бағың ашылсын», — деген жазба қалдырды.

Аталған жазбаға қатысты желі қолданушыларының пікірі қақ жарылды. Олардың бірі жастарға бақыт тілесе, енді бірі әншінің бұрын босаға аттағанын, десе де жаңа түскен келіндей, сырға салған сәтін сөккен.

«Қазақта балалы әйелге сырға салмаған…Бетіде ,бір жеріде ашылып қойған әйел болса осылар неге салт дәстүрімізді аяқ асты етеді…Еріккеннің ермегі болдығой…Ұлттық салт санамызды бұзып жатыр…Ата-баба дәстүрін ойын күлкіге айналдырып қадір-қасиетін қашырып жатыр…Ұятсыздар…», «Қазактың салт-дәстүрінде құрттау енді бұлар. Баласы бар әйелді алғанымен қоймай. Енді өз балалары өздерінен 15 жас үлкенді алсын басқа не дейміз. Кейінгі ұрпакка берген өнегелері ғой», «Бірнеше байдан шыққан, қатынға да сырға салған бір түрлі екен, ұят екен», «Бақытты болсын не дейміз?» деп жазды олар.

Айта кетейік, бұған дейін жұлдызды жұп Райым мен Ерке Есмахан мешітте неке қидырғанын көпке жариялаған еді.Ал кеше сырға салу рәсімі өтті.


 

Соңғы жаңалықтар